Жантүршігерлік оқиға әлеуметтік желілерден белгілі болды.
ERNUR.KZ. Қызылорда қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, есірткі беріп, азаптағанын айтты. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады zakon.kz.
Жантүршігерлік оқиға әлеуметтік желілерден белгілі болды. Зардап шеккен 16 жастағы оқушы қыздың анасы халықтан көмек сұрады.
"16 жастағы оқушы қызды ақпан айынан бері сыныптастары мен олардың туыстары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Қыз ата-анасының жалғыз баласы. Ақпан айынан бастап ол үйде отырмай, үйінен кетіп отырған. Ата-анасы полицияға, қылмыстық іздестіру бөліміне арыз түсірген, бірақ полицейлер оны іздемеген. Сонымен қатар, ата-анасын құқығынан айырамыз деп қорқытып отырған. Осылайша ата-ана оны өздері іздеген. Қыз мерзімді түрде хабарласып, видео жіберіп отырған, кафеде даяшы, немесе гүл сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтінін айтып отырған. Ата-анасы сол жерге барса, оның жай ғана видеоға түсіріп, кетіп қалғанын айтқан. Қыз ата-анасы уайымдамас үшін мұны істеуге мәжбүр болғанын алға тартты", — деп хабарлайды "НеМолчи" қоры қыздың ата-анасы берген мәліметтерді мысалға келтіріп.
Сыныптастары қызды қорқытып, оның ішінде ата-анасын өлтіретінін айтқан.
"Қызға үнемі есірткі ішкізіп, зорлағанын. Бұл жаға ұстатар жағдайды бәрі білетін, мұғалімдер мен мектеп директоры білетініне сенімді, учаскелік полиция қызметкері де сол себепті оның анасы мен әкесін қорқытқан", — деп жазады басылым.
Барлығы жақында анықталды. Өйткені олар қыздың басын, қасын қырып тастаймыз деп қорқытып, одан ірі көлемде ақша талап еткен. Ол досынан ақша сұраған, бірақ ол шыдай алмай ата-анасына айтқан.
"Шындық тым сұмдық болып шықты, қызды азаптап, мефедрон ішуге мәжбүрлеген, тұншықтырған, денесін күйдірген, мазақ еткен, жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің сайтына тіркеген, жезөкшелікке мәжбүрлеп, ақша алған. Біз Қазақстан заңгерлеріне жүгінеміз, осы отбасына көмектесіңіздер, мұны тоқтатуымыз керек", — деп жазады қоғам белсенділері.
Редакция түсініктеме алу үшін полицияға жүгінді.
"Осы фактіге байланысты Қызылорда полициясы күдіктілерді ұстады, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды."Қазіргі уақытта іс бойынша сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасуда", — делінген ресми сауалға жауапта.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.