Қызылордада сәбиді парафинмен күйдірген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
603

Бала үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылған.


Қызылордада сәбиді парафинмен күйдірген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында сәбиді парафинмен күйдірген массажист әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда массажист әйелдің сәбиді парафинмен күйдіріп қойғаны айтылады. Бала үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», - делінген хабарламада.