Қызылордада суға кеткен оқушының денесі табылды

0
505

Суға батқан жасөспірімнің кенттегі №189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы екені мәлім болды.


Қызылордада суға кеткен оқушының денесі табылды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында каналға суға батып кеткен тоғызыншы сынып оқушысының денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

19 мамыр сағат 15:28-де облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Белкөл кентіндегі каналға 15-16 жасар ер баланың суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен.

Оқиға орнына барғанда суға батқан жасөспірімнің кенттегі №189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы екені мәлім болды.

«Жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов басшылығымен іздестіру шарасына 7 құтқарушы тартылып, қажетті техника мен қайық пайдаланылды. Сүңгуірлер мүрдені су астынан іздеді. Сағат 18.28-де жасөспірімнің денесі батқан жерінен 500 метрдей қашықтықта су астынан табылды», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.