Қазір медициналық сараптама жасалып жатыр.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Қызылордада 6 сәуірде бір топ азамат «Тема» дәмханасына келіп, ішін қиратып, иесінің жұбайын ұрып кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бейнежазбада көрініп тұрғандай, дәмхананың ішінде бірнеше әйел адам оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне қол көтерген.
«Келген полиция қызметкерлеріне бағынбай, оларға шабуыл жасап, билік өкілдеріне қол жұмсаған. Қылмыстың яғни бұзақылықтың белгілері бола тұра полиция Қылмыстық Кодексінің 293 бабының 2 бөлігінің 1,2 тармақтарымен қылмыстық іс қозғамай отыр»,- делінген желіде тараған хабарламада.
Облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«06.04.2024 жылы орын алған дерек бойынша полиция қызметкерлері уақытында барып, оқиғаға қатысты Әкімшілік кодекстің 73-1- бабына сәйкес әкімшілік іс бастады. Ал, арызданушыларға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарылды»,- деп хабарлады облыстық ПД.