Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауда 608 мыңнан астам адам вакцинацияланды

0
1 586

Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, тұрақтандыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.


Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауда 608 мыңнан астам адам вакцинацияланды

Фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Елімізде қызылшаның таралуына қарсы тиімді күрес мақсатында халықты қосымша жаппай иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын 1,5 млн. адамның 608 мыңнан астамы вакцинацияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Қамту 40,5%-ды құрады, күн сайын 30 мыңнан астам адам вакцинацияланған.


Бұдан әрі қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар шаралар қабылдауда.


Мәселен, қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда, жыл сайын 1 және 6 жастағы 700 мыңға жуық бала егіледі (ДДҰ ұсынған кемінде 87,1% кезінде 1 жастағы балалардың 94,1%-ы және 6 жастағы балалардың 93,4%-ы қамтылды).


Сонымен қатар, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау жүргізілуде, бұрын вакцинациялауды өткізіп алған және одан бас тартқан 133,3 мыңнан астам адам егілді.

Қызылша мен басқа да вакцинамен басқарылатын инфекциялардың профилактикасында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы халықпен ақпараттық жұмыс жалғасуда.


Қабылданған шаралардың арқасында қазіргі уақытта еліміздің көптеген өңірлерінде қосымша иммундаудың оң динамикасы байқалады. Мәселен, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Абай, Ұлытау облыстарында соңғы аптада қызылшадан қорғау мақсатында өз балаларын вакцинациялауда халықтың белсенділігінің артуы байқалады.

Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, тұрақтандыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.


Елдегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қосымша жаппай иммундау шеңберінде қызылшаға қарсы вакцинация алуды, 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қызылшаға қарсы 2 екпе болмаған кезде, толықтыру вакцинациясы шеңберінде профилактикалық екпе алуды ұсынамыз. Профилактикалық екпе алу үшін тек жұмыс күндері ғана емес, демалыс күндері де тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуге болады.