2018 жылдың сәуірі мен желтоқсан айларының аралығында құрастырылған Kalina, Granta, Priora модельдерінде қателіктер кеткен
ERNUR.KZ. Ресейдегі федералды техникалық реттеу және метрология агенттігі биыл шығрылған Lada-ның модельдерінде қателіктер кеткендігін мәлімдеді, деп жазады altaynews.kz.
Агенттіктің ақпаратына сенсек, 2018 жылдың сәуірі мен желтоқсан айларының аралығында құрастырылған Kalina, Granta, Priora модельдерінде қауіпсіздік жастығы (эйрбэг) дұрыс орнатылмаған. Жалпы саны 1 800-ден астам көлікте осындай олқылық бар екендігі мәлім болды.
Компания қазіргі уақытта олқылықты реттеп жатыр. Егер көлігіңіздегі қауіпсіздік жастығының дұрыс қойылмағанына көзіңіз жетсе, көлікті алған жеріңіз тегін жөндеп береді. Қайта жөндеуге жатқызылған көліктердің VIN-кодын мына жерден көруге болады.