"Лауазым қажет емес": Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді

0
646

Назарбаева Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты.


ERNUR.KZ. Дариға Назарбаева парламент мәжілісінен кетеді, деп жазады sputnik.kz.

"Бүгін Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым және толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды ұйғардым", - деді Дариға Назарбаева өз үндеуінде.

Назарбаева Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарына және өзіне сенім артқан ел басшылығына алғысын айтты.

Айтуынша, қайғылы қаңтар оқиғасы бейбітшілік пен Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміз гүлденіп, одан әрі дамымайтынын көрсетті. Болған оқиғаның бәрі – біздің халқымыз үшін ауыр трагедия.
"Болған оқиғаға жан-жақты және объективті тергеу жүргізу қажет деп есептеймін, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек", - деді ол.
Назарбаева барша қазақстандықты "қаралы қаңтардан" сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбас үшін барлық күш-жігерді салуға үндеді.
"Зұлымдық пен қорқынышқа толы күндер анархияның неге әкеп соғатынын көрсетті. Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін біз қоғамның бірлігі мен тұтастығын көрсетуіміз керек. Мен өз еліме және оның мүддесі үшін одан әрі қызмет ете беремін. Бұл үшін лауазым қажет емес", - деп түйіндеді сөзін Назарбаева.