Үкімет тиісті өзгерісті қолдап отыр.
фото : ХК "Барыс"
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы бұдан былай легионерлерге ақша бөлінбейтінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Айтуынша, үкімет тиісті өзгерісті қолдап отыр.
"Дегенімізге жеттік! Легионерлерге 1 тиын бермейтін Заңдық норманы үкімет қолдады. Адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі де тоқтатылды. 180 спорт түрі қысқартылады!", - деп жазды Аралбайұлы әлеуеметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның 49-бабы, 1-бөлігі "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асыруға тыйым салынады", - деп жазылатын болды.
Ал екінші бөлігі "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді" деген мазмұнда болады.
Бюджет қаражаты есебінен спорт бірнеше бағытта ғана қаржыландырылады. Олар:
1. жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде спорттың басым түрлері;
2. мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
3. бұқаралық спорт;
4. спорттық инфрақұрылымды дамыту;