Әкімдік өкілдері Sigma маркалы лифт 2008 жылдан бері пайдаланылып келгенін хабарлады.
ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі Mega Towers тұрғын үй кешеніндегі оқиғаға қатысты түсінік берді, онда лифт 25-қабатқа жылдамдықпен көтеріліп, ғимараттың төбесіне соғылған еді, деп жазады Tengrinews.kz.
Әкімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 маусымда Mega Towers ТК, Кекілбайұлы көшесі, № 264 үй мекенжайында болған.
"Алматы коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасының Лифт жабдықтарын бақылау бөлімінің мамандары осы мекенжайға барды, лифтке визуалды тексеру жүргізілді және қызмет көрсететін ұйыммен бірге болған оқиғаның себептері талқыланды. Бұл оқиға қабылданды және жұмыс тәртібінде қаралады, жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деді әкімдіктегілер.
Қала әкімшілігінің мәліметінше, "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 2-бабы 14-тармағына сәйкес, лифтілер - ортақ мүлік, оны ұстау ауыртпалығын қызмет көрсететін басқару органы мен тұрғындар бірлесіп көтереді.
Әкімдік өкілдері Sigma маркалы лифт 2008 жылдан бері пайдаланылып келгенін хабарлады. Сондай-ақ, олар қызмет көрсететін ұйымның жұмысы қанағаттандырмаса, тұрғындар жиналыста оны ауыстыру немесе басқарудың жаңа нысандарының бірін таңдау туралы мәселе қозғай алатынын айтты.
Еске салайық, Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды. Лифт 25-қабатқа жылдамдықпен көтеріліп, ғимараттың төбесіне соғылды.