LRT қаржысын жымқыру: Сұлтанбеков пен Ардан ісі сотқа жіберілді

0
697

Айыптау актілерін бекіту туралы шешім қабылданды.


LRT қаржысын жымқыру: Сұлтанбеков пен Ардан ісі сотқа жіберілді

ERNUR.KZ. Елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке, "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға және олардың сыбайластарына қатысты қылмыстық істі зерделеу аяқталды. Айыптау актілерін бекіту туралы шешім қабылданды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бүгінде қылмыстық іс жүргізу кодексінің (ҚІЖК) 304-бабы тәртібінде айыптау актілері қылмыстық процестің барлық қатысушысына, оның ішінде айыпталушылардың қорғаушылары Сұлтанбеков пен Арданға қол қойылып берілген.

"Сұлтанбеков пен Ардан шетелде жасырынып, келуден жалтарып жүр, осыған байланысты прокуратура ҚІЖК - нің 304-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, оларға қатысты қылмыстық істің сотқа жіберілгені туралы осы хабарламаны жариялайды", - деді қадағалау ведомствосы өкілдері.

Бұған дейін прокуратура ҚІЖК талаптарына сәйкес қазақстандық және шетелдік БАҚ-та жарияланымдарды орналастыру арқылы Сұлтанбеков пен Арданға жауап алуға келу және олардың іс-әрекеттерінің біліктілігі туралы қаулыны жариялау қажет екені туралы хабарлаған болатын.

Алайда, прокуратура мәліметінше, белгіленген уақытта Сұлтанбеков пен Ардан келмеген және неліктен келмегендері туралы хабардар етпеген.