Майқайыңдағы апат: сот құтқарушылардың өліміне жұмыс берушіні кінәлі деп тапты

0
506

Биыл 4 қаңтарда "Майқайыңалтын" АҚ аумағында 4 адам отырған автобус опырылған шұңқырға құлап кеткен еді. Салдарынан 4 адам көз жұмды.


Майқайыңдағы апат: сот құтқарушылардың өліміне жұмыс берушіні кінәлі деп тапты

ERNUR.KZ. Астана соты "Майқайыңалтын" АҚ-да болған апат жұмыс беруші тараптың кінәсінен болғандығын тағы бір мәрте растады. Осылайша кәсіпорын талабын қанағаттандырудан бас тартып, 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп жазады sputnik.kz.

Сәуір айында Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ішінде "КӘАҚҚ РО" ЖШС-не қарасты 4 құтқарушы бар автобустың ойыққа құлауына кеніш иесі – "Майқайыңалтын" компаниясы кінәлі деген шешім шығарған.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының 2024 жылғы 4 қаңтардағы бұйрығымен құрылған комиссия өліммен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеруді жүргізді, топтық жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісін (актіні) жасады.
Жазатайым оқиға жұмыс уақытында "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС қызметкерлерінің еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алды.
Актімен жұмыс берушінің кінәсі 100% анықталды.
"Майқайыңалтын" АҚ орын алған жазатайым оқиғада өзінің кінәсін жоққа шығарды.
Сотта жазатайым оқиға "Майқайыңалтын" қауіпті өндірістік объектісінде технологиялық жолдың жоғарғы қабатының шахтаның тазарту кеңістігіне құлауы және "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС құтқарушыларымен бірге автобустың құлауы салдарынан орын алғаны анықталды.
Соттар комиссия актіде "Майқайыңалтын" АҚ-ның 100% кінәсін негізді түрде көрсетті деген қорытындыға келді, өйткені болған жазатайым оқиға талапкердің өндірістік қызметімен тікелей байланысты.
Соттардың қорытындылары сотта зерттелген тергеу материалдарымен, оның ішінде сараптама ұйымдарының қорытындыларымен расталды.
Елорда соттары арнайы тергеу актісінің даулы қорытындылары заңды және негізді деп тапты, ал "Майқайыңалтын" АҚ-ның талабын қанағаттандырудан бас тартылды.
Жергілікті соттардың сот актілері заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, биыл 4 қаңтарда "Майқайыңалтын" АҚ аумағында 4 адам отырған автобус опырылған шұңқырға құлап кеткен еді. Салдарынан 4 адам көз жұмды,