Адал майнерлерге берілетін үлестеменің нақты көлемі қанша болатыны әзірге белгісіз.
Қазақстанда майнинг қызметімен заңды айналысатындарға энергетикалық квота берілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Адал майнерлерге берілетін үлестеменің нақты көлемі қанша болатыны әзірге белгісіз. Мәжілісмендер алғаш рет майнинг пен криптовалюта туралы дайындаған заң жобасын таныстырды.
Бүгінде заңды түрде мемлекеттік органдарда майнинг компанияларының үштен бірі ғана тіркелген. Заңсыз жұмыс істейтіндердің электр қуатын жөн-жосықсыз пайдаланып жатқанын айтпағанның өзінде, шығын шаш етектен. Депутаттар энергетикалық квота енгізілсе, проблеманың оң шешімін табатынына сенімді. Сондай-ақ мәжілісмендер криптовалюта өндіруге бақылауды қатаңдатып, ел аумағында криптовалюталық экожүйе құруға күш салмақ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда цифрлық ақша айналымына тыйым салынған.