Мал құтырды

0
2 685

​Маңғыстау облысында мал құтырған тағы 14 жағдай тіркелді. Аурудың белгілері түйе, жылқы және ірі қарада анықталған. Бұл мәліметті облыстық ветеринария департаментінің мамандары растады, - деп хабарлайды «Казинформ».


Мал құтырды

Маңғыстау облысында мал құтырған тағы 14 жағдай тіркелді. Аурудың белгілері түйе, жылқы және ірі қарада анықталған. Бұл мәліметті облыстық ветеринария департаментінің мамандары растады, - деп хабарлайды «Казинформ».

Диагнозды 50 малдан алынған сынаманы зерттеуден өткізген соң республикалық ветеринариялық зертхана қойды.

«Ауырған малдың иелері өтемақы ала бастады. Ол Ауылшаруашылығы министрлігінің № 559 бұйрығына сай төленеді. Ол үшін азаматтар тиісті құжаттарды эпизоотияға қарсы отрядқа өткізуі қажет», - деді Маңғыстау облысы ветеренария басқармасының эпизоотияға қарсы қауіпсіздік бөлімінің басшысы Қамбар Момынов.

Қауіпті індетті жұқтырған мал Жаңаөзен, Мұнайлы, Қарақиян және Маңғыстау аудандарында тіркелген. Олар ауруды жабайы жануарлардан жұқтыруы мүмкін деген болжам бар.

Бұған дейін Маңғыстау облысында мал арасында құтырудың 5 оқиғасы тіркелген болатын.