Мамандандырылған сот алқасы таратылуы мүмкін

0
2 500

​Жоғарғы сот жанынан әкімшілік істерді қарайтын жаңа алқа құрылады.


Мамандандырылған сот алқасы таратылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы Заң жобасын талқылап жатыр, деп жазады Inbusiness.kz.

Мәжіліс депутаты Қанат Мусин таныстырған құжатта негізгі екі өзгерту ұсынылылған. Соның бірі – қазіргі мамандандырылған сот алқасының орнына әкімшілік істер жөніндегі алқа құру.


«Рәсімдік процестік кодексті қабылдау және оны 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізу сот жүйесінің жұмысына түзетулер енгізуді талап етеді. ҚР Жоғарғы сотының және облыстық соттардың ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңда белгіленген қоданыстағы құрылымы әкімшілік рәсімдік процестік кодекстің міндеттеріне толық көлемде жауап бермейді. Заң жобасының түзетулері 2 блоктан тұрады. Біріншісі, Жоғарғы сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылады. Қазіргі мамандандырылған сот алқасы таратылады. Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары құрылатын болады. Бұл шара сот жүйесінің өңірлерде істердің бөлінуіне байланысты үнемі өзгеріп отыратын жағдайда жедел ден қоюға мүкіндік береді», - деді депутат.