Маңғыстау облысы "жасыл" аймаққа өтті

0
684

Қазақстанда коронавирустың таралу деңгейі бойынша "жасыл" аймаққа жататын өңірлер қатары көбейді


Маңғыстау облысы

Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

5 мамырдағы эпиджағдайға сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан.⠀

"Сары" аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары.