Маңғыстау облысында әлемдік стандартқа сай газ өңдеу зауыты салынады

0
229

Нысан 2027 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.


Маңғыстау облысында әлемдік стандартқа сай газ өңдеу зауыты салынады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Маңғыстау облысында жаңа газ өңдеу зауыты салынып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Қуаттылығы 900 млн м3 газ өңдеуді құрайтын кәсіпорын барлық әлемдік стандарт пен экологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап береді. Нысан 2027 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
"Маңғыстау облысындағы газ өңдеу зауыты 50 жылдан астам уақыт бойын жұмыс істеп келеді. Тәуекелдерді болдырмау үшін жаңа зауыттың құрылысы жүргізілуде, ол қолданыстағы кәсіпорынның жанында орналасады. Бүгінгі таңда барлық инженерлік-геодезиялық, геологиялық, гидрометеорологиялық және экологиялық зерттеулер аяқталды", — деді "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС басшысының м.а. Абай Молбаев.