Маңғыстауда газ жарылып, бір адам қайтыс болды

0
559

Жарылыс салдарынан жекеменшік үй толығымен қираған.


Маңғыстауда газ жарылып, бір адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы жер үйде қолдан жасалған жылыту қазандығында газ жарылды, деп жазады inform.kz.

Төтенше оқиға аудан орталығында 3 сәуір күні түнде тіркеліп, бір адам қайтыс болды.

«Жарылыс салдарынан жекеменшік үй толығымен қирап, Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиға таңға жуық болды. Бұл туралы «КазТрансГаз Аймақ» АҚ апаттық бригадасына төтенше жағдай қызметкері хабарлаған. Оқиға орнына жеткен мамандар үйде қолдан жасалған газ пеші орнатылғанын анықтады. Апат туралы аудандық әкімдік пен полицияға бірден хабар берілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауаға газ тарап, бөлме ішіне толған. Үйде орнатылған қолдан жасалған газ қазандығына қатысты тексеруші РЦКУ мекемесі бұрын осы жабдықты ауыстыру туралы ескерту берген екен. Бірақ үй иелері ол ескертуді елемегенге ұқсайды. Қайғылы оқиға себептері тексеріс қорытындысы бойынша анықталады», - деп жазылған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қоғаммен байланыс департаменті таратқан мәліметте.

Бұған дейін Маңғыстау облысында газ құбыры желісінде өрт шығып, жарылыс болған еді.