Маникюрді меңгерген екібастұздық жасөспірім халықаралық байқауда топ жарды

0
2 056

Арулат бұл жолғы жеңісін қайырымдылыққа арнады.


Маникюрді меңгерген екібастұздық жасөспірім халықаралық байқауда топ жарды

ERNUR.KZ. Он үш жасында маникюрді меңгеріп, көпшілікке танылған екібастұздық жасөспірім Арулат Мұхаметқали Миланда өткен халықаралық чемпионатта бірінші орын алды, деп жазады 24.kz.

Бұған дейін Париж, Португалия мен Мәскеуде топ жарған дарынды бала Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты мен қаржылай қолдуына ие болды.

Арулат бұл жолғы жеңісін қайырымдылыққа арнады. Ол Екібастұз қаласында сал ауруына шалдыққан 10 балаға жаңа жылдық сыйлық алып берді.

Сонымен қатар аз қамтылған 10 отбасына азық-түлік жиынтығын табыс етті.