Келіншектің аязда қанша уақыт қалғаны белгісіз.
ERNUR.KZ. Қостанай көшелерінің бірінен тұрғындар әйел адамның денесін тауып алған. Полицияның мәлеметінше, ол аязда үсіп қалған деп жазады nur.kz.
Қостанайда қайғылы жағдай орын алды.
Жергілікті тұрғындар көшеден әйелдің денесін тауып алған. Тұрғындар бірден полиция шақыртқан. Мәйітті тексерген кезде жарақат және зорлық-зомбылық іздері болмаған.
Тәртіп сақшылары әйел адамның 36 жастағы қала тұрғыны екенін анықтаған.
Сол күні ол ішімдік ішкен екен. Көшеде келе жатып, кішкене отырып демалмақшы болған. Сосын құлап қалып, сол күйі үсіп қалған.
Келіншектің аязда қанша уақыт қалғаны белгісіз. Ол ағзаның қатты тоңазып кетуі салдарынан қайтыс болған.