Мәжіліс депутаты мандатынан айырылып, "Ақ жол" партиясынан шығарылды

0
383

Бұл шешімге оның депутат мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болған.


Мәжіліс депутаты мандатынан айырылып,

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" демократиялық партиясының ұсынуымен мәжіліс депутаты Асқар Садықовты мандатынан айырды, деп жазады sputnik.kz.

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі Ұлттық кеңесінің 2024 жылғы 1 шілдедегі №1 қаулыcының қабылдануына байланысты АсқарСадықов парламент мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын" - делінген орталық сайлау комиссиясының қаулысында.
Бұған қатысты "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді.
"Орталық сайлау комиссиясы "Ақ жол" демократиялық партиясының ұсынымы бойынша мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырды. Бұл шешімге Садықовтың депутат мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды", - дейді Азат Перуашев.
Оның айтуынша, аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған. Бұл мәселе "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы пленумында қаралған соң Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды.