Сондай-ақ, жер қойнауы мемлекеттік қорын басқару бағдарламасының орнына аукциондарды енгізу жоспарланып отыр.
ERNUR.KZ. Мәжіліс “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңының жобасын жұмысқа алды, деп жазады sputnik.kz.
Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, заң жобасы президент жолдауларында айтылған тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.
“Негізгі новеллалары, біріншіден, жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы ақпараттық жүйесін құру. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталы арқылы алғашқы өтінім қағидаты бойынша жер қойнауын пайдалануға лицензиялар беруді ретке келтіру және екі кезең арқылы жер қойнауы мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын ұдайы бекіту тетігін алып тастау”,- деді Жаңбыршин мәжілістің жалпы отырысында.
Сондай-ақ, жер қойнауы мемлекеттік қорын басқару бағдарламасының орнына аукциондарды енгізу жоспарланып отыр.