Мәжілісте «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы таныстырылды

0
664

Келесі жылға арналған нысаналы трансферт 1 трлн. теңге мөлшерінде айқындалды.


Мәжілісте «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы таныстырылды

Бүгін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өз сөзінде ол Заң жобасы елдің 2027 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленгенін атап өтті. Осылайша, 2023 жылға арналған кірістер ағымдағы жылдың жоспарымен салыстырғанда 2 трлн.теңгеге артып, 17,8 трлн. теңгені құрайды. Бұл ретте республикалық бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің үлесі біртіндеп азаяды. Мәселен, келесі жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт ағымдағы жылмен салыстырғанда 1,8 есеге азайып, 2,2 трлн. теңгеге дейін тартылатын болады.

Келесі жылға арналған нысаналы трансферт 1 трлн. теңге мөлшерінде айқындалды. Мұнай емес түсімдердің үлесі 2022 жылғы 59,8% - тен 2025 жылға қарай 78,2% - ке дейін өсіммен көзделген.

Е. Біржанов мұнай емес сектордан түсетін кірістер көлемінің ұлғаюы ел экономикасын әртараптандырудың біртіндеп жақсарғанын және меншікті кірістер базасының нығаюын айғақтайтынын атап өтті.

Бюджет тапшылығын ағымдағы жылғы жалпы ішкі өнімге қарағанда 3,3% - тен 2025 жылы 2,5% - ке дейін кезең-кезеңімен төмендету жоспарлануда.

Атап айтқанда, 2023 жылы шығыстар 21 трлн. теңге көлемінде жоспарлануда немесе 17,4% көлемінде жалпы ішкі өнімге ағымдағы жылғы жоспарға 2,2 трлн. теңгеге ұлғайуы жоспарлануда. Жалпы сипаттағы трансферттерді ескере отырып, 2023 жылы әлеуметтік саланы 2 трлн. теңгеге арттыра отырып, 10,6 трлн. теңге қарастырылған.

2023 жылға арналған экономиканың нақты секторын қолдауға арналған бюджет шығыстары 2,5 трлн. теңге сомасында жоспарланған, атап айтқанда, бұл өңдеу өнеркәсібін дамыту, өңірлерде жалғасып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау, сондай-ақ көлік және газ тасымалдау жүйесін дамыту.

Сөзінің соңында Ержан Біржанов Заң жобасын қалыптастыру барысында «Аманат» фракциясымен, оның ішінде өңірлердің қажеттіліктерін талқылау бөлігінде үлкен жұмыс жүргізілгенін атап өтті.