Медицина университеттерінің оқытушылары аттестациядан өткізіледі

0
488

Оқытушылардың соңғы тәуелсіз аттестациясы 2017 жылы өткізілді.


Медицина университеттерінің оқытушылары аттестациядан өткізіледі

ERNUR.KZ. Студенттер мен резиденттер аралық тәуелсіз емтихан тапсырады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылды, деп жазады sputnik.kz.

Сондай-ақ барлық медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы аттестаттаудан өткізіледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Студенттер мен резиденттердің білімін тәуелсіз бағалау, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамын аттестаттау ең алдымен медициналық білім беру сапасын арттыруға және отандық денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары деңгейлі кадр даярлауға бағытталған", - делінген хабарламада.
Отырыс барысында кадр даярлау сапасын жақсарту және оқытушылардың құзыреттілік деңгейін арттыру үшін қазіргі жағдайға талдау жүргізу қажеттігі аталып өтті.
Тәуелсіз бағалау нәтижесі медициналық жоғары оқу орындарында білім беру процесін жақсартуға бағытталған. Ол одан арғы стратегиялар мен бағдарламалардың әзірлемесі үшін, сондай-ақ медициналық білім беру мен ғылыми қызметті дамытудың басым бағыттарын айқындау үшін пайдаланылады.