Медициналық рецепілер мен кітапшалар электронды форматқа ауыстырылады

0
251

Электрондық форматты енгізе отырып, жеке медициналық кітапшаларды бірден бірнеше ұйымда ұсынуға болады, бұл азаматтардың қаражатын үнемдейді.


Медициналық рецепілер мен кітапшалар электронды форматқа ауыстырылады

фото egov.kz

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі бұрмалануды болдырмау үшін медициналық кітаптарды 2025 жылдың қаңтар айынан бастап электронды форматқа ауыстырады. Бүгінгі таңда елімізде 1,6 млн азаматтың жұмысқа рұқсат туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары бар. Бұл жайлы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ брифингінде хабарлады.

Оның айтуынша, электрондық форматты енгізе отырып, жеке медициналық кітапшаларды бірден бірнеше ұйымда ұсынуға болады, бұл азаматтардың қаражатын үнемдейді. Сондай-ақ 1-шілдеден бастап Қазақстанда 68 млн астам дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланған. Оның ішінде 39 млн астам қаптама импорттық препараттардың үлесіне тиесілі, 29 млн астамы – отандық өндіріс, қазір айналымда 28,5 млн дәрілік қаптама бар.
«Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табады. Бүгінгі таңда 1800-ге жуық медициналық ұйым цифрлық интеграциясын жасап, таңбалау арқылы қызметтерін көрсетіп жатыр. 3100-ден астам жеке дәріхана қызмет көрсетіп жатыр», – деді спикер.

Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері Egov Mobile қосымшасының «Әлеуметтік әмиян» бөліміндегі QR-код арқылы пациенттерге 470 мың рецепт негізінде тегін дәрілік заттар берді. Осы сервис арқылы препараттарды электрондық беру жөніндегі пилоттық жобаға 700-ден астам медициналық ұйым қатысады. Жыл соңына дейін бұл жоба тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттар алатын барлық адамды қамти отырып, бүкіл республика бойынша масштабталатын болады.