Мейрамхана мен тойханалар камера арқылы бақыланады

0
499

Қарағанды облысында тәртіпке бағынбайтын тойханалардың барлығы енді тәулік бойы бақылауда болады.


Мейрамхана мен тойханалар камера арқылы бақыланады

ERNUR.KZ. Жедел әрекет ету орталығының мамандары көшедегі бейнекамералар арқылы кісі қарасы көп шоғырланған жерлерді жіті қадағалап отырмақ. Егер топтасқан күдікті адамдарды байқаса, бірден мобильді топқа хабар береді. Олар әрі қарай шара қолданады, деп жазады 24.kz.

Қазір облыс бойынша көшелердегі бейнекамера саны 3 мыңнан асса, соның 30-ға жуығы мейрамханаға жақын орналасқан. Айтуларынша, тек шілде айында ғана өңірде карантин талаптарын бұзған 250 адам жауапқа тартылыпты.

"Жұма, сенбі, жексенбі күндері аралығында той көп болады. Мына тойхананың алдында бейнекамера тұр. Осы жерден есіктері көрініп тұр. Бақылап отырып, адамдардың санын шығарамыз", - дейді орталық операторы Нариман Тілеуғабылов.