Меккеге қажылыққа аттанған Қазақстан азаматы жол апатына түсті

0
1 174

Дәрігерлер емделушіден жеңіл бас жарақатын анықтап, оған ем жазып берген.


Меккеге қажылыққа аттанған Қазақстан азаматы жол апатына түсті

ERNUR.KZ. Меккеде жол апаты болып, Қазақстан азаматы зардап шекті. Жол апатынан соң, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, бір адам жол апатына ұшыраған, кейін оны ауруханаға жеткізген. Ол ауыр жарақат алмаған.
Діни басқарманың айтуынша, дәрігерлер емделушіден жеңіл бас жарақатын анықтап, оған ем жазып берген.
Биыл Қазақстаннан 3200 адам қажылыққа аттанған. Оларға 21 медицина маманы қызмет етуде. Дәргердің көмегіне 1744 қазақстандық жүгінген.
Нашарланудың себебі, көбінесе ыстық ауа райы және арақашықтықтың алыстығы.
Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары арасында аптап ыстықта мұзды су ішкендіктен суықтап қалғандары да бар.
Бұдан бөлек, қазақстандықтар арасында аппендикс анықталған азамат бар. Оны шұғыл ауруханаға жатқызды.