Мектепке орамалмен баруға бола ма - бас мүфтидің жауабы

0
441

Осы орайда бас мүфти намаз оқитын адамның да құқығы бар екенін еске салды.


Мектепке орамалмен баруға бола ма - бас мүфтидің жауабы

ERNUR.KZ. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мектепке орамал тағып баратын оқушылардың құқығын қорғауға үндеді, деп жазады sputnik.kz.

"Шариғат Аллаға сенген және балиғат жасқа толған кез келген қыз балаға орамал киюді міндеттеген. Сондықтан ондай бала орамал киюі тиіс. Біз оны бұрын да айттық, қазір де айтамыз", - деді Тағанұлы журналистерге берген сұхбатында.

Осы орайда бас мүфти намаз оқитын адамның да құқығы бар екенін еске салды.

"Намаз оқитын қыз баланың да құқығы бар ғой. Ол орамалмен жүргісі келеді. Оған неге тыйым салу керек? Ол намаз оқиды, Аллаға сенеді. Сондықтан біз ол қыздарды да сыйлауымыз қажет", - деп атап көрсетті бас мүфти.