Мектепке жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторды қайтару керек – Динара Зәкиева

0
170

Зәкиева аудан прокурорымен бірге оқушылар арасында анонимді сауал жүргізіп, мектепте үлкендер кішілерді «тәрбиелейтін» система барын анықтаған.


Мектепке жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторды қайтару керек – Динара Зәкиева

ERNUR.KZ. Балалар омбудсмені мектеп оқушысының қазасына байланысты Ақтөбе облысының Қопа ауылына барды, деп жазады baq.kz.

Зәкиева аудан прокурорымен бірге оқушылар арасында анонимді сауал жүргізіп, мектепте үлкендер кішілерді «тәрбиелейтін» система барын анықтаған.

Динара Зәкиева желідегі жазбасында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен буллинг барлық аймақта бар екеніне тоқталды. Әр мектепке жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторды қайтару керек деп санайды. Балалар омбудсменінің айтуынша, өңірлерде балалардың құқықтарын қорғауға және барлық қажетті шараларды үйлестіруге жауапты, бақылау функциялары бар органдар жоқ.

Қазір мектептер оқу орны мен директордың имиджін сақтау үшін заң бұзушылықтар мен келеңсіз процестерді жасырады, өйткені соңында олар жазаланады. Осыған байланысты әлеуметтік педагогтарды балалардың құқықтарын қорғау департаменттері мен басқармаларының (құрылған кезде) құзырына беру қажет, – деді Д.Зәкиева.