Мектепте қазақ тілінен жаңа емтихан басталды

0
520

5-8 және 10-сыныптың оқушылары ауызша және жазбаша тапсырады.


Мектепте қазақ тілінен жаңа емтихан басталды

ERNUR.KZ. Еліміздегі мектептерде биылғы оқу жылында қабылданған қазақ тілінен жаңа емтихан басталды. Ол 31 мамырға дейін жалғасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Емтиханды 5-8 және 10-сыныптың оқушылары ауызша және жазбаша тапсырады. Сонымен бірге мектеп оқушылары қазақ тілінде тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу біліктілігін тексереді.

Емтиханда 0-11 балл алған бала «нашар» көрсеткіш көрсеткен болып есептеледі. Осындай балл жинаған оқушы емтиханды қайтадан тапсырады.

12-18 балл алған оқушының көрсеткіші «орташа» болып саналады. Оған «3» деген баға беріледі.

19-24 баллға «4» беріліп, «жақсы» беген баға қойылады. Ал 25-30 балл жинаған бала «5» деген баға алады. Оның бағасы «өте жақсы, үздік» болып есептеледі.