Мемқызметке азаматтардың құжаттарын рәсімдейтін жасанды интеллект іске қосылады

0
1 158

Ол электронды қызмет алу кезінде болатын қиындықтарды атады.


Мемқызметке азаматтардың құжаттарын рәсімдейтін жасанды интеллект іске қосылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Ол электронды қызмет алу кезінде болатын қиындықтарды атады.

Мысалы қазір әрбір пайдаланушыдан электронды қолтаңбаны алу, оны компьютерде орнату, паролін ұмыту сияқты қиыншылықтарға тап болады. Ол үшін, біріншіден, қызметтерді барынша смартфон немесе проактивті түрге көшіру, сұраныстарды тек биометрия немесе QR арқылы растау әр салада енгізілетін болады, – дейді Бағдат Мусин.

Министрдің айтуынша, азаматтардың талап-тілектерін ChatGPT сияқты жылдам әрі сапалы орындау үшін жасанды интеллект технологиясы енгізілмек.

Бұл күні-түні азаматтардың құжаттарын рәсімдеуге, жалпы барлық сұрақтарға жауаптарды, қызметтерді тікелей чатта алуға мүмкіндік береді, – деді ол.