Мемлекет басшысы Алматы облысына барды

0
679

Президент бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына барды.


Мемлекет басшысы Алматы облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Президент — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған»-деп жазды баспасөз хатшысы.