Президент қаланы абаттандыру және қоғамдық орындарды қайта жаңғырту жоспарымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы қаланы абаттандыру және қоғамдық орындарды қайта жаңғырту жоспарымен танысты.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Президентке Елорданың әлеуметтік-мәдени дамуы, көгалдандыру мен жүзеге асырылып жатқан негізгі инфрақұрылымдық жобалар жайында баяндады.