Биыл Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен көптеген елде болды.
ERNUR.KZ. Сапарлар барысында шетел басшыларымен экономика, әлеумет, бизнес, инвестиция басқа да салалар талқыланып келісімдер жасалды. Осы орайда жылды қорытындылайтын уақыт келді, деп жазады inform.kz.
«Теңгерімді және конструктивті сыртқы саясат еліміздің ұстанатын басты бағыты саналады. Осы орайда ұлттық мүддені қорғау, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті сақтау мәселесі басты назарда болды. Биыл Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық беделін одан әрі арттыру мақсатында маңызды шешімдер қабылдады», - деді Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли бүгін берген сұхбатында.
Сонымен қатар Берік Уәли мысал келтірді, Солтүстік Македонияда Қазақстан Республикасының елшілігін, сондай-ақ Қытайдың Сиань, Ресейдің Екатеринбург және Германияның Гамбург қалаларында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылданды.
«Мемлекет басшысы өзінің туған күнін де атап өтпейтінін білесіздер. Биыл мерейлі жасы болса да, Қытайда мемлекеттік сапармен жүрді. Ал, жаңа жылды Қасым-Жомарт Кемелұлы да бәріміз сияқты өзінің үйінде, дастарқан басында әулетімен бірге қарсы алады», - дейді спикер.