Мемлекетке қайтарылған жерлерді арнайы сайттан көруге болады

0
516

Қазіргі уақытта заңнама бойынша жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қағаз жүзінде өткізіледі.


Мемлекетке қайтарылған жерлерді арнайы сайттан көруге болады

ERNUR.KZ. Қазақстанда мемлекеттік меншікке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін игерілмеген, заңсыз берілген және мемлекетке қайтарылған жер учаскелері туралы барлық ақпарат jerkarta.gharysh.kz геосервисінде орналастырылды.
"Интерактивті карта азаматтарға кез келген уақытта қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері бойынша мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді және осы учаскелерді алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға өтініш беру үшін бағдар болады. Бұл жылдар бойы пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ тұрғындарды ауыл шаруашылығы үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген ресми ақпаратта.
Қазіргі кезде облыстар мен аудандар деңгейінде инфографиканы әзірлеу, сондай-ақ порталдың интерфейсін толтыру процесі аяқталуға жақын.
Мемлекетке қайтарылған жер учаскелерін қайта бөлу жұмыстарын бақылауды аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі департаменттер, әкімдіктер мен прокуратура қызметкерлері жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры платформасында жүзеге асырады. Ал қайта бөлу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурстарды өткізу модулін электронды сауда алаңының базасында іске асыру ұсынылып отыр.
Қазіргі уақытта заңнама бойынша жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қағаз жүзінде өткізіледі.