Мемлекеттік бағдарламамен салынатын үйдің бағасы қымбаттамайды – «Отбасы банк»

0
2 554

Қазір баспана нарығында үйлер қымбаттап жатыр.


Мемлекеттік бағдарламамен салынатын үйдің бағасы қымбаттамайды – «Отбасы банк»

ERNUR.KZ. «Отбасы банк» АҚ Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова онлайн брифинг барысында қалада салынып жатқан әлеуметтік баспаналардың бағасы қымбаттамайтынын айтты, деп жазады baq.kz.

Әлеуметтік баспана мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатыр. Оның бағалары бағдарламамен қойылған. Сондықтан бұл баспаналдардың бағасы қымбаттамайды. Бүгінгі таңда Алматыда «Шаңырақ» және Кредиттік баспанамен салынып жатқан әлеуметтік баспананың бір шаршы метрі 240 мың теңгені құрайды, - деді Данагүл Түсіпова.

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміровтің айуынша, қаладағы жұмыс істейтін жастарға арналған «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша берілетін қарыз сомасы 18 млн теңгеге дейін өскен, былтыр бұл көрсеткіш 13 млн теңге болған.

Қазір баспана нарығында үйлер қымбаттап жатыр. Сондықтан «Алматы жастары» бағдарламасы аясында берілетін заем 18 млн теңгеге дейін көтерілді. Жалпы бұл бағдарламаға қатысу шарттары, ережелері бәрі бұрынғысынша қалды, - деді ол.