Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту жұмыстарының тоқтатылу себебі белгілі болды

0
990

Президент мемлекеттік қызметкерлердің саны, жалпы мемлекеттік аппарат оңтайлы болып тұрғанын айтқан.


Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту жұмыстарының тоқтатылу себебі белгілі болды

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту жұмыстары не себепті тоқтатылғанын түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, 2021 жылы мемлекеттік қызметкерлердің саны 15 процентке қысқартылды. 2022 жылы тағы 10 процентке қысқарту жоспарланған.
"Алайда сол жылы мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлердің саны, жалпы мемлекеттік аппарат оңтайлы болып тұрғанын айтты. Осыған байланысты штатты тағы 10 процентке қысқартуды тоқтатуға шешім қабылданды", - деді Омарбеков үкіметте өткен брифингте.
Ал қаржы министрі Мәди Тәкиевтің сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметкерлердің саны 2014 жылдан бері өзгерген жоқ. Содан бері кейбір министрліктер таратылып, қайта құрылса да, қызметкерлердің саны сол қалпы қалды.
"Жаңылмасам, 89 мың мемлекеттік қызметкер болды. Олардың саны өзгермеді", - деп атап өтті Тәкиев.
Айта кетері, 2020 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты 10 процентке, ал келесі жылы тағы 15 процентке қысқартуды тапсырған болатын. Себебі пандемия кезінде мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеді. Сол кезде басшылық олардың санын қысқартуға болатынын түсінді. Осылайша, 2021 жылы мемлекеттік аппаратты 25 процентке қысқарту жоспарланды. Ал үнемделген ақшаның есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көтеруге шешім қабылданған еді.