"Мені қалай өлтіретінін 6 сағат әңгімеледі": Күйеуі тұтқында ұстаған әйел басынан өткен оқиғаны айтты

0
1 242

Тойдың ертесінде күйеуі өзінің шынайы жүзін көрсете бастапты.


ERNUR.KZ. 28 қазанда Оралда ер адамның өзінің бұрынғы әйелін кепілге алғаны туралы хабарланған еді. Қаскүнеммен келіссөз 6 сағаттан астам уақытқа созылды. Нәтижесінде жәбірленуші босатылды. Ауруханадан шыққаннан кейін ол басқыншымен бірге өткен өмірі туралы және сол күні болған жантүршігерлік оқиғаны баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ираида "Уральская неделя" жергілікті басылымына сұхбат берді. Атап өтілгендей әйел адам оның қазіргі жағдайы анық көрінбейтін бір ғана фотосуретке түсуге келісімін берген екен. Себебі оның денесінде көгерулер мен күйеуі мойнына салған пышақ іздері бар.
Жәбірленушінің айтуынша, ол 2017 жылдың тамыз айының аяғында Ерлан Ислямғалиевке тұрмысқа шыққан. Ол кезде Ираида екі баланың анасы болатын.
Тойдың ертесінде күйеуі өзінің шынайы жүзін көрсете бастапты, бірақ олар ресми некеге дейін алты ай бұрын танысқандықтан ол алаңдайтын ештеңе көрмеген.
Бір алаңдататындығы, ер адам танысқаннан кейін-ақ тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіріп жүр екен. Алайда келіншек бас тартып жүрген екен.
Бір күні ер адам жанжал шығарып, айқайлап жылап, онсыз өмір сүре алмайтынын мәлімдепті. Тіпті, тізерлеп тұрыпты. Ол мұндайға шыдай алмай, келісімін берген, алайда кейіннен осы әрекеті үшін өкініп қалыпты. Себебі өмірінің келесі екі жылы тозаққа айналған.
Әйел адамның сөзіне сүйенсек, неке тіркелген соң, Ерлан оны пәтерде 4 күнге қамап тастапты. Ол реніштерін, әйел адамды той жасауға көп уақыт көндіргені есіне түсіріпті.
Ираида алғашқы оқиғадан кейін жағдайдың нашарлай бастағанын айтады. Ол ажырасуға тырысқан бірақ қолынан ештеңе келмепті. Ер адам әйелді оның балаларымен бопсалаған.
"Екі жылдан бері ажырасқым келеді деп айқайлап жүрмін. Оның садист, кісі өлтіруші екенін айтатынмын. Мені ешкім естімейді. Бәрі...оның мені қатты жақсы көретінін айтады. Бұл мені одан әрі өлтіреді", - дейді әйел адам.
Келіншектің сөзінше, күйеуі оны кенже ұлынан қатты қызғанғанын айтады. Оған қандай да бір назар аударылып қалса, баланы өлтіретінін айтып, қорқытыпты.


Ираида, әдетте, Ерлан ашық түрде шабуылдамағанын, бірақ оған бағынбаған жағдайда оны қалай өлтіретінін сабырлы түрде баяндағанын айтты. Осылайша бұл жолы алты сағат бойы ол оған мұны қалай жасайтынын әңгімелепті.
Ол сол күні бәрін жоспарлаған. Қамаудағы соңғы 2 сағатты ол нашар есінде сақтап қалған. Оны шығарған кезде ер адам айыптауды жұмсақ ету үшін Ираиданың қолына пышақ пен мылтық гранаталарын берген дейді.
"Ол сол күні менің кабинетіме келгенде, мен ол жерден шыға алмайтыныма сенімді едім. Бір білгенім, ол мені бұл жерден тірі жібермейтінін білдім", - дейді ақпарат көзі.
Ираида суицидтің алғашқы әрекеттерін де еске алды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлаған суицид жасау әрекеті, ваннаға бояу құю оқиғасы шын мәнінде болған. Алайда ол бояу емес нағыз қан болған деді әйел. Ол Ерланға дәрігер болып жұмыс істегендіктен соған келгенін айтты. Тағы бір жолы ол 50 таблетканы жұтып қойыпты.
Ираида Ерланның туыстарының арасында беделі жоқ екенін түсіндіреді. Сондықтан туыстарын бұл жерге шақыру бекер болды.
Әйелдің айтуы бойынша оның күйеуі барлығын жек көретін.
Келіншектің сөзінше, басып алу кезінде ол екі оқ-дәрісі бар тапанша талап еткен, бірақ оған бос қару берілген. Ол әйелді өлтіргісі келген, ал полиция оны "тоқтатпақ болып жатқан" кезде, ол оларды да "байлап тастайтын" еді. Ол ол жерден батыр болып шыққысы келіпті, сондай-ақ ол осылайша Қазақстанға әйгілі болғысы келген.