«Менің атым Қожа» фильмі Лондонда ағылшын тілінде көрсетіледі

0
2 989

Орталық Азия елдері тарихында қазақ киносы тұңғыш рет ағылшын тіліне тәржімәланды.


«Менің атым Қожа» фильмі Лондонда ағылшын тілінде көрсетіледі

ERNUR.KZ. «Менің атым Қожа» фильмі 6-10 маусым аралығында Лондонның кинозалдарында көрсетілетін болды. Бұл туралы Еуразиялық кинофестиваль директоры Майра Қарсақбаева «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында мәлім еткен. Жобаны лондондық «Romford film festival» компаниясы қаржыландырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл ұзақ жылғы келіссөздің нәтижесі. Орталық Азия елдері тарихында қазақ киносы тұңғыш рет ағылшын тіліне тәржімәланды. Дубляжға америкалық кино-театр үйірмелерінің мүшелері қатысты. Оларды табу немесе келістіру бізге оңай болған жоқ», - деген екен Майра Қарсақбаева журналиспен әңгімесінде.

Сонымен қатар, «Romford film festival» шымылдығы қазақтың классикалық киносымен ашылады. Кинофестивальде қазақстандық кинорежиссер Әзиз Зайыровтың «Қыз бен теңіз» киносының таныстырылымы болады.

«Бұл «Менің атым Қожаның» алғашқы шетелге шығуы емес. 2018 жылдың қазан айында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы тұңғыш рет түрік тіліне аударылып, Анадолы жеріндегі оқырмандарымен қауышқан болатын. Дүниежүзінің 67 тілінде жарық көрген шығарманы түрік тілінде сөйлеткен аудармашы Жамилә Кынаджы», - делінген ақпаратта.