Конкурс екі кезеңде өтеді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Конкурс екі кезеңде өтеді: бірінші – аудандық (қалалық) кезең, екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қажетті құжаттармен қоса, арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға 2022 жылғы 15 маусымға дейін тапсыру қажет.
Конкурсты ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар.
Толығырақ adilet.zan.kz сайтынан біле аласыздар.