22 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы Қызыләскер ауылында 1959 және 1960 жылы туған екі адам иіс газынан уланып қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, адамдардың өліміне газ құрылғысын дұрыс қолдана алмауы себеп болған.
22 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы Қызыләскер ауылында 1959 және 1960 жылы туған екі адам иіс газынан уланып қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, адамдардың өліміне газ құрылғысын дұрыс қолдана алмауы себеп болған, - деп хабарлайды Baq.kz
Шақырылған жерге келген апаттық жағдай бригадасы газ құрылғыларының техникалық жағдайы бұзылғанын анықтады. Жуынатын бөлмеде «SF» маркалы суды жылытатын құрылғы орнатылған. Түтін өткізетін гофра қабырға арқылы далаға шығарылған, түтін өткізетін құрылғы ағып тұрған суды өзіне тартып ала алмайды. Жуынатын бөлмеде желдету құрылғысы жоқ. Апаттық жағдай қызметкерлеріне газ кранының бетін бітеп қойюға тура келген.
Үй ішінде газ құрылғысын қолдану туралы келісімшарт пен түтін өткізу құбырларын тексеру туралы акт жоқ. Жағдайдың себептері сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады.
Сондай-ақ, 24 наурыз күні Атырау облысы Махамбет ауылында 1986 жылғы ер адам газдан уланып қайтыс болды. Оқиға болған жерге 11:21-де келген темір ұстасы газ кранының үйге кіретін жерін бітеген.
Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде газбен жылытылатын пеш қақпағының жабық тұрғаны, соның нәтижесінде түтін өткізу құрылғысы бітеліп, газдың үй ішінде таралып кетуіне себепші болғаны белгілі болды.