Мешіттегі газ жарылысы: 17 зардап шегуші елордада ауруханада жатыр

0
291


Мешіттегі газ жарылысы: 17 зардап шегуші елордада ауруханада жатыр

ERNUR.KZ. Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы газ баллоны жарылысынан зардап шеккен адамдардың қазіргі халі туралы мәлеметпен бөлісті, деп жазады kaz.inform.kz.

«Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы мешітте газ жарылысынан зардап шеккен 17 адам Астананың қалалық стационарларына жеткізілді. Оның ішінде 14 ересек және 3 бала. 7 жәбірленуші реанимация бөлімшесінде, 7 адам Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма, эндопротездеу және комбустиология бөлімшесіне орналастырылды. Алдын ала диагноз – әртүрлі дәрежедегі жалынның термиялық күйіктері», - делінген хабарламада.

Одан бөлек, 25-30% термиялық күйік шалған 3 бала қалалық №2 балалар ауруханасының ОРИТ (қарқынды терапия бөлімшесі) ауруханасына жатқызылды.

«Стационарда пациенттер келген бойда комбустиолог, реаниматолог, терапевт, стационар бойынша жауапты дәрігер қарады, травматологтар, комбустологтар тобы қосымша шақырылды. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, пациенттердің жағдайының динамикасы бойынша ақпарат жаңартылады», - дейді денсаулық сақтау басқармасынан.