Министр ҰБТ-дан жоғары балл алып, грантқа түспегендерге не істеу керегін айтты

0
354

Ол қосымша гранттар бөлініп жатқанын жеткізді.


Министр ҰБТ-дан жоғары балл алып, грантқа түспегендерге не істеу керегін айтты

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысында жоғары балл алып грантқа түсе алмай қалғандарға қандай мүмкіндік бар екенін айтып берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«ҰБТ-дан жоғары балл алып, грантқа ілінбей кеткен түлектерге әлі де мүмкіндіктер көп. Қазіргі таңда бірқатар ірі ұйым өздерінің гранттарын ұсынып жатыр. Біріншіден, жергілікті атқарушы органдар 2 мыңнан астам грант бөлді. Kazenergy қауымдастығы, Яссауи атындағы халықаралық түрік университеті жыл сайын 500 грант бөледі. Жекеменшік қаржылық ұйым да 400 грант бөлді», - деді ол.

Министр атағандай, «Қазақстан халқына қоры» биыл 800 грант бөлген.

«18 жетекші университет ректорлық грант бөлді. 8-10 мыңға жуық қосымша грант беріледі», - деді Нұрбек.