Еңбекмині басшысының атынан жазылған хабарламалар жалған
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған жалған аккаунттардан белгісіз адамдар жеке хабарламалар жіберуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алаяқтар өзге адамның атын пайдаланып азаматтарды әңгімеге тартуға және қандай да бір жолмен жеке деректерді алуға немесе басқа да алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады.