Министрліктер 71 млрд теңгені игере алмады

0
652

Бюджеттен 13 млрд теңге үнемделді.


Министрліктер 71 млрд теңгені игере алмады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 93,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 94,7%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 84 млрд теңгені құрады, оның ішінде 13 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 71 млрд теңге", – деді Жамаубаев.

Ең көп игерілмеу сомасы денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, экология және табиғи ресурстар, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде қалыптасты.

"Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу; бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау; орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбау; конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу", – деді Қаржы министрі.