Мопед жүргізушілері көлігін тіркеу үшін қандай құжаттар дайындау керек

0
345

Көлік иесі 5 құжат өткізуі керек.


Мопед жүргізушілері көлігін тіркеу үшін қандай құжаттар дайындау керек

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

ERNUR.KZ. Қазақстанда мопед жүргізушілері көлігін мемлекеттік тіркеуден өткізіп, жүргізуші куәлігін алу үшін дайындайтын құжаттарының тізімі шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ашық НҚА порталында Ішкі істер министрінің бұйрығы жарияланды. Құжат бойынша, мопедтерді тіркеу үшін олардың иелері және иелерінің өкілдері:

  1. Жеке басты куәландыратын құжат;
  2. Салық кодексінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар;
  3. бар болған жағдайда техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәлімет;
  4. иесінің өтінішін;
  5. көлік құралын қарап тексеру актісін тиісті органға көрсетуі керек.

Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 4 қазанда жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты заңға қол қойды. Заңға сәйкес қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын мопедтер тіркеуге жатады.