Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Ақтөбелік әйел мүгедек жанды қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеген. Күдікті бұдан бөлек бойжеткендерді секс-құлдыққа салған, деп жазады kyn.kz.
Облыстық ІІД мәліметінше, 49 жастағы мүгедек таныс әйелдің мәжбүрлеуімен қайыршылықпен айналысуға мәжбүр болған.
Танысы одан құжаттарын алып, өзін жұмысқа жеккен. Ақтау, Ақтөбе, Шымкент қалаларында қайыршылықпен ақша тапқан. Күдікті әйел қолға түсті.
Ол 44 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы болып шықты. Одан бөлек жеңгетайлықпен айналысып, қыздарды жезөкшелікке салған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.