WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 4,72 пайызға арзандап, барреліне 73,04 доллар болды.
ERNUR.KZ. Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді, деп жазады tengrinews.kz.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 08:20-дағы сауда деректері бойынша 4,45 пайызға арзандап, барреліне 77,56 доллар болған.
WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 4,72 пайызға арзандап, барреліне 73,04 доллар болды.
Сарапшылардың айтуынша, бұл динамиканың себебі АҚШ-тағы шикізат қорларының күтпеген жерден көп болуынан, бұл бұрынғы болжамдардан айтарлықтай ерекшеленеді.