​Мұрат Құсайынов Эйр Астана қызметкерін ұрғаны расталды

0
3 566

Құсайыновты жауапқа тарту үшін әуе компаниясы Нұр-Сұлтан әуежайындағы полиция бөлімшесіне арыз жазды.


​Мұрат Құсайынов Эйр Астана қызметкерін ұрғаны расталды

ERNUR.KZ. "Дос Мұқасан" тобының солисі дауға қалды. Эйр Астаны баспасөз қызметі компания қызметкеріне қол жұмсалғанын растады, деп жазады Zakon.kz.

– 14 сәуірде "Нұр-Сұлтан-Алматы" бағытындағы КС 852 рейсінен бұзақы жолаушы шеттетілді. Мұра Құсайынов дауыс көтеріп, былапыт сөздер айтқан. Экипаж оның ұшаққа мінуіне тосқауыл қойған соң, мінезді жолаушы компания қызметкерлерінің көз алдында жолаушыларға қызмет көрсететін қызметкеріміздің маңдайынан ұрды. Денсаулығына зиян келтірді. "Эйр Астана" әуе компаниясы жәбірленген қызметкерін жан-жақты қолдайды, – деп хабарлады Эйр Астана.

Құсайыновты жауапқа тарту үшін әуе компаниясы Нұр-Сұлтан әуежайындағы полиция бөлімшесіне арыз жазды.