Актрисаның бұл әрекетін қолдағандар да бар.
ERNUR.KZ. Шымкенттік блогер, актриса Зарина Нұржанова мысығының тұсауын кескен бейнежазбасымен бөлісті. Оның бұл әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиген, деп жазады Экспресс К.
Шымкенттік блогер, актриса Зарина Нұржанова мысығының тұсауын кескен бейнежазбаны Тiktok-та жариялады. Видеода мата үстінде мысығын денесінен ұстап, адымдатқан бойжеткенді көруге болады. Мысықтың артқы аяғына қызыл лента орап, матаның бас жағына кітап, далап және тағам қойған. Осылайша артқы аяғымен үй жануарын адымдатып, межелі жерге жеткенде қызыл лентаны қайшымен кеседі.
Блогердің "Грэйс атты мысығымның тұсаукесері" деп жарияланған видеосына желі қолданушылары ашулы пікірлер жазған. Десе де оның бұл әрекетін қолдағандар да бар.
"Қазақтың салт дәстүрін жерге таптауға болмайды". "Жетісіпсіңдер, ұялмайсыңдар ма". "Мынау не масқара, бастарың істей ме". "Ұят қой, дәстүрді мазақ қылмасаңдаршы". "Естерің ауысқан екен",
деп жазуда желідегі жұрт.