Найзағай, жел: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

0
673

Бірнеше өңірде ауа райы бұзылады.


Найзағай, жел: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

Ертең елімізде бірнеше өңірінде ауа райы бұзылып, қатты жел соғады, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейед

Атырау облысында кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с.

Атырауда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтауда күндіз 16 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкентте күндіз батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түркістанда 16 қыркүйекте күндіз батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 16-17 қыркүйекте кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавлда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, тәулік бойы 16, түнде 17 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі